Жаңалықтар

Атақты Майк Тайсон мен Рой Джонстың рингте кездесетін күні белгілі болды

Калифорния штатында қайырымдылық турнирі ретінде ұйымдастырылатын жекпе-жек сегіз раундтан тұрады. Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Калифорниядағы Карсонда 12 қыркүйек күні әлемнің экс-чемпионы Рой Джонспен кездеседі, - деп жазды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Caravan.kz порталына сілтеме жасап. Көптен күткен жекпе-жектің трансляциясы Triller әлеуметтік желісінде қол жетімді болады. Жекпе-жектің өзі көрме сипатында ұйымдастырылып, одан жиналған қаражат қайырымдылыққа жіберіледі. 2020 жылдың сәуір айының соңында 54 жастағы Тайсон қайырымдылық турнир үшін кәсіпқой рингке қайта оралғысы келетінін мәлімдеген. Аты аңызға айналған боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2005 жылы Кевин Макбрайдқа қарсы өткізіп, жеңілген. Жалпы Тайсон 58 жекпе-жегінің 50-ін жеңіспен аяқтаған. Ал Рой Джонстың соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың ақпанында Скотт Сигмонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан. Ол өз мансабындағы 77 кездесудің 66-сында жеңіске жеткен (47 нокаут). Джонсқа ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионымен кездесу туралы ұсыныс түскенде, ол бірден келісім берген. Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/