«Бек Эйр»: билет алған азаматтардың ақшалары қайтарыла ма?
«Бек Эйр»: билет алған азаматтардың ақшалары қайтарыла ма?
Бүгін, 2020 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Бек Эйр" АҚ әуекомпаниясына екінші талабы бойынша бірінші сот отырысы өтті.Бұл туралы zakon.kz сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
ТҚҚК талап-арыз талаптары "Бек Эйр" АҚ-на бірінші талап-арызға ұқсас. Бұл жүзеге асырылған рейстерге билеттер сатып алған жолаушыларға ақшалай қаражатты өтеу.
Үшінші тұлға ретінде процеске "Авиата" билеттерін сату жөніндегі агенттің өкілі қатысты. Бұдан басқа, ТҚҚК өтініші бойынша сот отырыстарына прокурор мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ өкілі қатысады.
Комитет 301 билет сатып алған 151 азаматтың мүддесін білдіреді. Талап-арыз сомасы 10,5 млн теңгені құрайды. ТҚҚК-не өтініштер күн сайын келіп түсуіне байланысты бұл сома ұлғаятын болады.
"Бек Эйр" АҚ Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағым бергенің қосымша хабарлаймыз, онда сот азаматтарға қаражатты өтеу туралы ТҚҚК-нің талап-арызын қанағаттандырған болатын.