Маржан Арапбаева 2 бап бойынша жауапқа тартылды
Маржан Арапбаева 2 бап бойынша жауапқа тартылды
Отандық танымал әнші Маржан Арапбаева көлік жүргізіп келе жатып, Instagram желісінде Stories түсіргені үшін жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары мониторинг барысында қауіпсіздік белбеуін тақпаған өнер иесінің видеосын анықтап, оған тиісті айыппұл салған, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі Oinet.kz порталына сілтеме жасап.
Әнші әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы - 593 пен 591 баптар бойынша жауапкершілікке тартылған. "Елордалық полиция қызметкерлері 22 шілде күні әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде жол қозғалысы ережесін бұзк фактісін анықтады.
Әйел адам көлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай тізгіндеп, қозғалыс кезінде Instagram парақшасында Stories түсіру үшін ұялы телефонды қолданан. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған азаматшаны әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593 пен 591 баптары бойынша жауапкершілікке тартты.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол қазғалысы ережесін мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың барлығы, яғни жүргізушінің өзі, сондай-ақ жолаушылары және жаяу жүргіншілер үшін өте маңызды" , - деп жазылған хабарламада.
Өнер иесіне қауіпсіздік белбеуін тақпағаны және видео түсіргені үшін арнайы айыппұл тағайындалған болып шықты. Ол шамамен 18 мың теңге көлеміндей айыппұл төлеген. "Бүгін таңертең айыппұлын төледім, заң бойынша.
Заңға қарсы шықпаймыз. Мен өзімді ақтамаймын. Видео менің үйімнің жанындағы паркингте түсірілген. Бағдаршамнан енді өте бергенде сол видеоны түсіріп, бірден қауіпсіздік белдігін тақтым. Ол әрине ақталғаным емес. Бірақ солай болып қалды.
Ол видеоның тарап кеткені дұрыс болды. Бұл жағдай басқаларға үлгі болды. Егер әр адам өзінің жасаған ісіне жауап берсе елде тәртіп орнайды деп ойлаймын. Барлығы ұсақ нәрседен басталады. Сондықтан бір шеті басқаларға тәрбие болады", - деп түсіндірді әнші.