KASE: Доллар бағамы төмендеді

23 Қараша, 2018 842 0

 ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 366,25 теңгені құрады, деп хабарлайды newsroom+  KASE-ге сілтеме жасап.


Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,07 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 366  теңге, ал ең жоғарысы 367,2 теңге болған. Сауда көлемі 165,05 млн долларды құрады.

Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 367,32 теңгені, күндізгі сессияда 367,25 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 367,27 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 139,45 млн доллар болды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.