Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловқа тоқал алуға рұқсат берді

23 Қараша, 2018 1872 0

«КешYou» тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейітмағамбет күйеуі Дәурен Айдарқұловқа үшінші әйел алуға рұқсат берді. Тоқалға қойылатын талаптарды тізген ол шартқа сай келсе, жұбайының төсегін жаңғыртпақ. Бұл туралы nesroom+ порталы sn.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Көпбалалы әке атану үшін үшінші әйел алу керек-ау?! Оның үстіне маған үй жинайтын, тамақ істейтін, киім үтіктейтін, бала қарайтын адам керек», − деді Сейітмағамбет «НТК» арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.

Бұны естіген Айдарқұлов жүзі жадырап, риза боп қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қос ғашық бір-бірін қатты қызғанатындарын, тіпті киноға түсер кезде арнайы сценаримен танысатындарын айтқан еді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.