Шымкент: коронавирустан жазылып шыққандардың саны 2857-ге жетті
Шымкент: коронавирустан жазылып шыққандардың саны 2857-ге жетті

“Қазіргі таңда қала бойынша инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін 3860 төсек-орын бар (650 - инфекциялық, 3210 - провизорлық). Оның ішінде бос төсек-орын саны - 2348 (286 – инфекциялық, 1226 – провизорлық). Инфекциялық стационар төсектерінің толымдылығы 44% болса, провизорлық станционарлардың толымдығы 38,2% пайызды құрайды. Ауыр дәрежедегі науқастар үшін инфекциялық стационарларда 60 реанимациялық төсек, провизорлық стационарларда 91 төсек бар. Реанимациялық төсектердің толымдылығы - 70,9%. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының базасында қосымша 628 төсектік күндізгі стационар ұйымдастырылған, - деді Т. Варзилов.Брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Т. Варзилов бүгінгі таңда Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін атап өтті.
“Қаланың медициналық мекемелерінде бүгінгі күні 339 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), 673 "Бобров" тыныс алу аппараттары қолданыста бар. Қосымша 2 ауруханада оттегі станциясын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір ай ішінде тағы аурухана жанынан 3 аурухана қосылады. Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар қосымша екі айға жететін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Мәселен, қазір дәрі-дәрмектер қорында температураны төмендететін препараттар саны - 328 027. Сондай-ақ қорда вирусқа қарсы препараттардың 70 570 данасы, 135 059 антибиотиктер, 79 800 антикогулянттар, 110 532 дана емге қажетті витаминдер бар”, - деді Т. Варзилов.