Жаңалықтар

Головкин мен Альварес үшінші рет жұдырықтасуға келісті

Головкин мен Альварес үшінші рет жұдырықтасуға келісті

Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған. WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен  IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған. Журналист дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы жекпе-жектен «Канело» - $45 млн, ал Головкин - $30 млн табыс табатынын айтты. Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға $27 млн кіріс әкелгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Айқастың шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры.