Аймағамбетовтің орынбасарларының бірі істі болып жатыр
Аймағамбетовтің орынбасарларының бірі істі болып жатыр
Оған 5 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылған.
Білім және ғылым министрінің орынбасары 5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген,- деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚазТАГ-қа құпия ақпарат көзі хабарлаған. «Білім және ғылым вице-министрі 5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Оған айып тағылды», – дейді агенттіктің құпия ақпарат көзі.
Алайда құпия ақпарат беруші онсыз да басы дауға ілініп отырған Асхат Аймағамбетовтің төрт орынбасарының дәл қайсысының күдікке ілініп отырғанын ашып айтпаған.
Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі әзірге бұл туралы ресми ақпарат тарата қойған жоқ. 21 шілде күні жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев кеңейтілген отырысында цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіндегі жоғарғы шенді шенеуніктердің үстінен екі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.