30 минуттық өнері үшін 10 мың доллар алатын әншілер де 42500-ге өтінім беруде
30 минуттық өнері үшін 10 мың доллар алатын әншілер де 42500-ге өтінім беруде

«Бір күнде қанша ақша кетеді, соны 3-4 айға бөліп тастасаң, біраз өнер адамдарының жағдайы нашарлап қалды. Сондықтан ешқандай ұялмай ақ үкіметтің берген көмегін көру керек олар да. Сондықтан оның ешқандай ыңғайсыздығы жоқ деп ойлаймын.»ЕЛЕНА КУЗНЕЦОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Мен 42 500 теңгені алуға бірнеше рет өтініш бергеніммен маған 42500 төлеуден бас тартты. Өйткені декреттегі аналар алмайды-мыс. Карантин кезінде жұмысынан айырылған күйеуіме де ештеңе төленбеді. Сонда біз қалай жан бағуымыз керек? Жәрдемақыны шынымен мұқтаж адамдар алмаса, 42500 теңге кімдерге беріліп жатыр сонда?»ТҰРАР САТТАРҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Шын мұқтаж адамның қазанына қол салу деп білем мен шын айтқанда. Мұқтаж адам ала алмай қалған, бірақ әншілердің алуы мен үшін ұят сияқты. Олардың бәрінің бір-бір басына керемет үйлері бар, бір-бір басында қанша көліктері бар, мақтанып инстаграмда түрлісін жазады, сөйтіп отырғанда халықтың асына қол сұғу ол дұрыс емес деп ойлаймын»Қысқасы, қоғам белсендісі Тұрар Саттарқызы әншілердің карантинде ақшасыз қалғандарына қанша айтса да сенбеймін дейді. Бұл ретте, Мұзарт тобының әншісі Мейрамбек Беспаевтың айтқаны еске түседі. Республикалық арналардың біріне берген сұхбатында әнші жәрдемақыға қарап қалғандарды барып тұрған жалқау деп еді. МЕЙРАМБЕК БЕСПАЕВ, ӘНШІ:
«Көмекті сұрап жатқан тек қана қазақ. Оны мен бір жағынан бұл жерде жалқаулық бар деп ойладым бір шеті. Қанымызда бар. Менің өзімнің маңайымда да інілерім, туыстарым - жалқау. 42 500-ге қырылып қалған басқа халықты көрген жоқпын».Сондай-ақ көптің көңілін күпті еткен тағы бір мәселе бар. Шетелде өнер жұлдыздары биліктен ақша сұрамақ түгілі, керісінше пандемия кезінде халыққа қолдан келгенше қолдау білдіруге тырысты. Бірі ақшалай, өзгесі материалдық көмек берді. Ал біздегі жұлдыздардың жәрдемақыға қол сұққаны барып тұрған ұят дейді қоғам белсенділері.