Тойды тоқтатпаған өңірлер
Тойды тоқтатпаған өңірлер
Еліміздің Бас Санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин кезінде той жасау, қыз ұзату, туған күн тойлаудың тыйылмағанын айтады.Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Мұндай басқосуға өзге өңірлерден де қонақтар тоқтаусыз келіп жатыр. Бұл инфекция жұқтыру мен таратудың қаупін еселейді»- дейді бас санитар.
«Әдеттегідей, бірнеше өңірден жиналған қонақтар қауіпті инфекцияны өз үйлеріне алып барады. Мұндай заңбұзу фактілері Алматы қаласында, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында анықталды. Барлық мереке ұйымдастырушыларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деді спикер Орталық Коммуникациялар қызметінде болған брифингте.