Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 наурыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар...

Арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар...

Арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар...
ашық дереккөзі

Бір кездері арман болған телефон, ноутбук, киім , сөмке немесе теледидардан көріп, шынайы өмірде түрін бір көруді аңсайтын жұлдыздар қауымы одан қалса бұрын қиялыңа кіріп шықпаған қалада өмір сүріп, сол жерде жаның қалаған іспен айналыссаң да бұл саған жетпейді. Неге деп ойлайсыз ? Жауабын өзімізден іздейік.

Қазіргі заман бәсекелестікке толы болғаннан ба, адамдардың көпшілігі салыстырмалы түрде бір-бірімен жарыса өмір сүруде. Мысалы: Қайраттың әйелі соңғы үлгідегі телефонды алыпты немесе Динаның күйеуі су жаңа машина мініп жүр десе іштей көңілімізде бізде соған жетуге асығамыз. Бірақ, шын мәнінде ол нәрсе бізге керек пе әлде, керегі жоқ па ол туралы ойлануға уақыт жоқ. Жақында бір кітап оқып едім, ол жерде қымбат затты сезімге беріліп, бірден сатып алмаңыз ойланып алыңыз 24 сағаттан кейін оралып, шешім қабылдаңыз делінген. Яғни көп жағдайда алғашқы сезім алдамшы болып, уақыт өте келе бұл затқа аса мұқтаж емес екеніңізді түсінесіз. Осылайша өзіңізді болашақта сан соғып қалудан сақтайсыз ақшаңызда қалтаңызда қалады. Тіпті кейде орындалған армандарымыздың бар екен елеп ескермейміз себебі оған жетуге күш-жігерімізді, алтын уақытымызды, ұйқысыз түндерімізді сарп еткен жоқпыз бізге оңай келген дүниенің кетуіде оңай. Сондықтан әрбір арманымыздың орындалуы біздің қажырлы еңбегімізбен, жүрек қалауымыздан шықса оның тұрақталуы да ұзаққа барады.

Автор: Aqmairosh