Цой: 2 тамызда жағдай тұрақталса балабақшалар мен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін
Цой: 2 тамызда жағдай тұрақталса балабақшалар мен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін

«Денсаулық сақтау жүйесі бекіткен карантин шараларының кейбір тармақтары сақталады. Қашықтан жұмыс істеу форматы жалғасын табуы мүмкін. «, - деп түсіндірді Цой.Егер 2 тамызда КВИ-ге қатысты жағдай тұрақты болса, балабақшалар мен білім беру мекемелерін ашу мүмкіндігі қарастырылады.
«Егер кенеттен аурулар мен өлім-жітім санағы жоғарыласа біз, әрине, үкіметке шектеуді ұзартуды ұсынамыз», - деді Цой.Оның айтуынша, екі апталық карантиннің әсері енгізілгеннен кейінгі үшінші, төртінші апталарда байқалады.
«14 күн - бұл инкубациялық кезең, содан кейін біз карантиннің әсерін көре аламыз. Тамыздың ортасында біз төрт апталық карантиннің әсерін көреміз, содан кейін іс-әрекетке көшеміз», - деп түсіндірді министр.Министр елде коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған 12-ші хаттама дайындалып жатқандығын мәлімдеді. Жаңа хаттамада жергілікті дәрігердің бақылауымен үйде емдеуге арналған дәрі-дәрмектер ескерілетін болады.