Жаңалықтар

Президент мектептерге «Экологиялық мәдениет» пәнін енгізуді ұсынды

Президент мектептерге «Экологиялық мәдениет» пәнін енгізуді ұсынды

Біз елдегі кез келген табиғи нысанның жанына инспектор қоя алмаймыз. Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұз көлінің жағдайына байланысты мемлекет басшысымен сөйлескенін жеткізді. Сондай-ақ елдегі демалыс орындарын сақтау, қорғау мақсатында Тоқаевтың айтқан ұсыныстарын көпшілікке хабарлады. Бұл туралы NewsRoom+Ақпарат тілшісі  Skifnews.kz порталына сілтеме жасап. Министр Мырзағалиевтың айтуынша, президент табиғатқа зиян тигізгендерге салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтуды тапсырған. «Біз елдегі кез келген табиғи нысанның жанына инспектор қоя алмаймыз. Жалпы, халықтың экологиялық мәдениетін жақсарту керек. Әрине, ол бір күндік жұмыс емес. Бірақ біздің министрлік мұндай түсіндірулерді қоғамда белсенді түрде насихаттайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына осы іске қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтамыз. Болашақта да насихат жұмыстары жағынан сіздердің бізді қолдайтындарыңызға сенеміз. Бұл жұмыстарға жергілікті әкімдіктер де белсене қатысады деген ойдамыз. Бұл үшін бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері қажет. Жоғарыда айтқанымдай, бәрі бала кезден бойға сіңірілуі керек. Сол себепті де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерге экологиялық мәдениет пәнін енгізуді ұсынды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.