Жаңалықтар

Ордабасы ауданында шектеу шаралары бақылауда

Ордабасы ауданында шектеу шаралары бақылауда

Ордабасы ауданында Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің N28 Қаулысында бекітілген шектеу шараларының орындалуы қатаң бақылауға алынды. Аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелері жаңа шектеулер бойынша түсіндіру шараларын жүргізіп, ауыл округ аумақтарында жұмысшы топтар күшейтілген залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай орындалуын қадағалауда. Аудан аумағында сенбі-жексенбі күндері Қаулыға сәйкес, азық-түлік дүкендерінен басқа кәсіпкерлік нысандары жұмыс істеген жоқ. #бірліктің_төлсипаты_Ордабасы