Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды

22 Қараша, 2018 890 0

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында грециялық және жергілікті компанияның бірлескен жұмысы арқасында асфальт-бетон өндіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды newsroom+ порталы облыс облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілттеме жасай отырып. 

Жобаны жүзеге асыру мақсатында тартылған инвестицияның жалпы құны 300 млн. теңгені құрайды.Кәсіпорын грециялық «Soldatos» ЖШС-гі мен «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның филиалы - «TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясының бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде іске қосылды. Зауыт Мақтаарал ауданындағы индустриалдық аймақтың 3 гектар жер аумағында салынған. Өнім Қазақстан бойынша сатылатын болады. Жобаның жоспарланған жылдық қуаттылығы - 20 мың тонна деп көзделіп отыр. Өндіріс басында 30 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. 

Айта кетейік, 2018 жылдың 18 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, оның орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді. Үш айдан астам уақыт ішінде облысты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облысты дамытудың 3 бағыты айқындалды. 

Олар: туризм, агроөнеркәсіп кешені және логистика мен транзиттік әлеует. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістанда «TURKISTAN INVEST» инвестициялық орталығы ашылған болатын. Бұл да инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін болады деген сенім артылған болатын.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.