Жаңалықтар

Қызға таласып қалған екі дос ажал құшты

Қызға таласып қалған екі дос ажал құшты

Өскеменде қыз үшін төбелесіп қалған екі жігіт ажал құшты, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Екі жігіт алғашында сөзге келіспей, кейін төбелесіп қалған. Олардың біреуі абайсызда көшенің жиегіндегі бетон тасқа құлап, артынша жан тапсырған. Аталмыш оқиға бойынша "Адам денсаулығына қасақана қиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалыпты. Ал төбелестен екі күн өткен соң екінші жігіт көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл пәтердегі балкон үнемі ашық тұрады. Бұған дейін де осыған ұқсас жайттар орын алған көрінеді. Полицейлер куәгерлерді тергеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Арна мәліметінше, екі жігіт бұрыннан дос көрінеді. Екеуінің жасы 20 шамасында.