Жаңалықтар

Шымкентте «Жасөспірім» іс-шарасы басталды

Шымкентте «Жасөспірім» іс-шарасы басталды

 width= Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов 2020 жылдың 17 шілдедегі №333 бұйрығына сәйкес, 20-31 шілде аралығында қала аумағында “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.Бұл туралы polisia.kz сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайттарының алдын-алу, жолын кесу, сондай-ақ құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекеттерге жол бермеу. Профилактикалық шараның алғашқы күнінде Абай, Әл-Фараби, Қаратау және Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25-26 Қаулысына сәйкес қала аумағында карантин талаптарының сақталуына байланысты тексеру жүргізу барысында  28 жасөспірімнің түнгі 23:00-ден кейін жүргенін анықтап, басқармаға жеткізілді. Құқық бұзушылыққа бейім үш жасөспірім және екі қолайсыз отбасы арнайы есепке қойылды. Түнгі уақытта  заңды өкілсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 27 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын бір ата-анаға Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, ішкі істер органының есебінде тұрған 176 жасөспірімнің 11,0 пайызы (27) және 276 қолайсыз отбасының 4,7 пайызы (13) тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.