Асқар Жұмағалиев: сала сенімді қолда!
Асқар Жұмағалиев: сала сенімді қолда!
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Асқар Жұмағалиев әріптестеріне алғыс білдіріп, жаңа министрге сәттілік тіледі.Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
"Мені бұл лауазымға тағайындағанда құттықтау көп болды, ал кеткен кезде қолдаушылардың одан да көп екенін көріп, таңғалып отырмын. Телефон соғып, хабарлама жазып басымыздан кешкен оқиғаларды есіме салып жатыр, өте ризамын", - деп жазды Жұмағалиев өзінің Facebook парақшасында.Осыдан кейін экс-министр әріптестеріне және достарына алғыс білдірді.
"Бәріміз нәтижелі жұмыс істедік деп ойлаймын. Мен министрлік ұжымының, ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің бар ынта-жігерімен жұмыс істегеніне куә болдым. Оларға әрбір қызметті цифрлау үшін, қазақстандықтардың өмірін жеңілдетудегі күш салғаны үшін басымды иіп, зор алғысымды білдіремін", - деп атап көрсетті Жұмағалиев.Бұрынғы министр әлеуметтік желіде барынша ашық болуға тырысқанын да жеткізді. Жоспарларымен бөлісіп, жұмыстың нәтижесін жазып тұрды. Осы орайда ол барлық бастаманы қолдаған және идея айтқан адамдарға алғыс айтты.
"Қазақстанды цифрландыру үдерісін үнемі қолдағаны үшін Елбасыға, президентке және сіздердің әрқайсыңызға соңғы жылдары маған артқан сенім мен көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мусин Бағдат, сәттілік тілеймін, сала сенімді қолда!", - деді Жұмағалиев.