Жаңалықтар

Beko Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына ӨЖЖ-аппараттарын берді

Beko Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына ӨЖЖ-аппараттарын берді

  [caption id="attachment_15479" align="alignnone" width="2560"] width= Тұрмыстық техниканың жетекші еуропалық бренді Beko «Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына» 5 ӨЖЖ аппаратын жіберді[/caption]
Өмірді құтқаруға арналған аппараттар Түркияда жетекші кәсіпорындармен ынтымақтастықта жобаланған және дайындалған.
Аппараттар барлық халықаралық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына жауап береді.

Тұрмыстық техниканың жетекші еуропалық бренді Beko пандемияның бірінші кезеңінде вируспен күрес жүргізетін елдерге ӨЖЖ-аппараттарын сыйға тартпақ. Осы қолдау шеңберінде Қазақстан «Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы»үшін 5 ӨЖЖ-аппаратын алды.

Сәуір айында Beko бас компаниясы Arçelik компаниясы ӨЖЖ-аппараттарды өндіретін жетекші компаниялармен күш біріктіретіні туралы мәлімдеді. 120 инженерден тұратын команда 2 апта ішінде Ыстанбұл қаласындағы ашық инновациялық орталықArçelik Garage-да аппараттың бастапқы прототипін жобалап, сынақтан өткізді. Маусым айының басында оның орталығы Çerkezköy electronics-те ел ішінде және одан тыс жерлерде тарату үшін коммерциялық емес негізде 5000 аппарат шығарылды.

Arçelik бас директоры Хакан Булгурлу: «Түрік бизнесіжәне Үкіметпен бірге жұмыс істей отырып, біз коммерциялық емес негізде ӨЖЖ өмірлік қажетті аппараттарын өндіру үшін біздің ғылыми-зерттеу және өндірістік мүмкіндіктерімізді қайта қарастырдық. Пандемиямен күрес ұжымдық жаһандық күш-жігерді талап етеді және әлемнің кейбір аудандары шектеулерді алып тастауда, бірте-бірте қалыпты өмірге оралуда, ал біз осы ретте ӨЖЖ аппараттарын оларды қазіргі уақытта ең қажет ететін елдерге қайырымдылық ретінде бере алатындығымыздымақтан тұтамыз».

Қазақстанда өнімдері және қызметтерімен ұсынылған Beko компаниясы өз қызметін 2020 жылдың 4 тоқсанында нарықта еншілес кәсіпорынды ашу арқылы жалғастырады.

 width=

Beko компаниясы туралы

Beko әлемнің 140-тан астам елінде ұсынылған тұрмыстық техниканың халықаралық бренді. Оның өндірістік желісі ірі тұрмыстық техниканы, кондиционерлерді және шағын электр құралдарын қамтиды. Beko Ұлыбританиядағы №1 тұрмыстық техниканың жетекші және ірі бренді болып табылады. Сондай-ақ, бренд «Барселона» ФК-ның жаһандық бас серіктесі, «Фенербахче» ерлер баскетбол командасының серіктесі және Еуропалық аңыздар лигасы (LEC) чемпионатының ресми жеткізушісі болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз www.beko.com

Arçelik компаниясы туралы

Бүкіл әлем бойынша 30 000-нан астам қызметкер, 12 бренд (Arçelik, Beko, Grundig, Bloomberg, ElektraBregenz, Arctic, Leisure, Flavel, Defy, Altus, Dawlance, Voltas Beko), 34 елде маркетинг және сату кеңселері мен 23 өндірістік кәсіпорындары бар, Arçelik компаниясы әлемнің 140-тан астам елінде тауарлар мен қызметтерді ұсынады. Әлемдегі тұрмыстық техника шығаратын екінші еуропалық компания, нарықтың сандық үлесі бойынша рейтингке сәйкес, 2019 жылы Arçelik 5 млрд еуроға шоғырландырылған айналымға жетті. Оның 70%-ға жуығы халықаралық нарықтарға келеді, сондай-ақ Arçelik Түркияда зерттеулер мен әзірлемелер саласында көшбасшы болып табылады.

Arçelik Garage туралы

Arçelik Garage жаңа буын зерттеу және дамыту орталығы идеяны соңғы өнімге айналдыру және оның шығармашылық және бірлескен жұмыс ортасы, дизайн-бағытталған тәсілдері мен дамыған цифрлық прототиптер инфрақұрылымы арқасында оны нарықта ұсыну процесін тездетеді. Жоғары технологиялық, заманауи өндірістік технологиялармен жабдықталған 1800 шаршы метр кеңістікте жергілікті зерттеушілер мен сыртқы технологиялар кәсіпкерлері өз идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті білімді алады. 2019 жылы Arçelik Garage 1118 идеяны, 93 прототипті және 10 тұжырымдаманы әзірлеуге көмектесті.