Білім министрі: 1 қыркүйек оқушылардың дәстүрлі кездесуі өткізілмейді
Білім министрі: 1 қыркүйек оқушылардың дәстүрлі кездесуі өткізілмейді
Оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйекте дәстүрлі кездесу өткізілмейді, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Біз дәстүрлі кездесу болмайды деп санаймыз. Сіздер эпидемиологиялық жағдайды өзіңіз көріп отырсыздар. Сонымен қатар, бұл қисынсыз болар еді: біздің балаларымыз қашықтықтан оқытылады: Барлық балаларды бірден дәстүрлі білім күніне алып келу қисынсыз. Сондықтан біз жаңа жылға дейін мектептерге жаппай шаралар өткізбеуге кеңес береміз», - деді Аймағамбетов инстаграмдағы тікелей эфирде.
Оның айтуынша, тіпті коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы едәуір жақсарған болса да, оқу аусымында ЖРВИ ауруы басталады.
«Жалпы, біз біртіндеп дәстүрлі режимге көшуіміз керек», - деп түйіндеді министр.
Ақпарат: Stan.kz порталынан