Құлағыңыздың пішіні қандай?
Құлағыңыздың пішіні қандай?
Физиогномика деген не екенін білесіз бе? Бұл адамның сырт пішіне қарап ішкі болмысын, мінезін тануға бағытталған ғылым. Бүгін адамның құлақ сырғалығына қарап мінезін ажыратуды айтамыз.
«A» пішіні
Мұндай етті әрі үлкен құлақ сырғалығы иесінің харизмасы мықты екенінен хабар береді. Оның адамдарды өзіне баурап, тартып тұратын ерекше қасиеті бар. Айналасына шұғыла шашып, нұр құйып жүретіндей. Әсіресе қарама қарсы өкілдер (жігіттер қыздардың, қыздар жігіттердің) арасында жұлдызы жарық. Айналасында табынушылары толып жүреді. Қашан көрсең күліп тұрады, үнемі позитив күйде жүреді. Алайда олар осы қасиетімен басқалардың сезімін аяқ асты етуі мүмкін, ал мұндай қасиет кешірілмейді.
«B» пішіні
Құлағы созылған пішінде болса, бұл адамның еркіндікке ұмтылысын көрсетеді. Олар тұрақты қарым-қатынастан қашады. Сондықтан олардың айналасында бойдақ жігіттер мен қыздар көп. Отбасы құруға асықпайды, ал жұмыста барлығына үлгеріп жүреді. Олар ерекше түйсікке және басқарушылық қасиетке ие. Бұл қабілеттер өз кәсібін ашып, дүрілдетіп жүргізуге көмектеседі. Олар жалғыздық ұзаққа созылуы қиындық туғызатынын түсініп, болашағын ерте бастан ойлануы керек.
«C» пішіні
Егер құлақ сырғалығы ықшам ғана пішінде болса, бұл адамның адалдығы мен жауапкершілігі зор. Бұл әсіресе жігіт пен қыз арасындағы махаббатта көрініс табады. Олар өте тәрбиелі, арлы. Бастықтардың көбі мұндай жұмысшыдан айырылып қалмауы үшін қолынан келгеннің бәрін істейді, олардың адалдығында шек жоқ. Олар үшін қарым-қатынас бәрінен де маңызды. Бір ғана кемшілігі олар өз дегенінде тұрып, соңына дейін күресе алмайды, сондықтан ерік-жігерін жетілдіре түскені абзал.
«D» пішіні
Бұл ортасы бөлінген, ең сирек кездесетін сырғалық түрі. Мұндай адамды кездестірсеңіз, оның түйсігі ең мықты адам екеніне күмән келтірмеңіз. Алтыншы сезімі арқылы барлығын алдын ала сезіп біліп, барлық қиындықтан құтылып шығады. Олар кейде ұшқалақ боп та кетеді. Кейде жай ғана тағдырға мойынсұнып, ағыспен жүзе береді. Осылай да өмірде шыңға шығып, үйлесім таба алады. Кейде өздері ойламаған жерден өзгенің жанын жаралап та алады.
Дереккөз: Massaget.kz порталынан