Жаңалықтар

«Nur Otan» Қарағанды облысының ауруханаларына көмек көрсетуде

 width= Партиялықтар медициналық мекемелерге азық-түліктер жеткізді.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы «СЖСЖК» ЖШС-мен және партия ардагері Қорғанбай Күлшәріповпен бірлесіп, туберкулезге қарсы диспансерге, орталық қалалық ауруханаға, Сәтбаев қаласындағы медициналық-санитарлық бөлімге 200 литр қымыз, 50 келі ет үйлестірді.

«Nur Otan» партиясы Нұра аудандық филиалы «Жер» ФХТП-мен бірлесіп 100 литр қымызды Нұра ауданының орталық ауруханасына жеткізді.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы шаруа қожалығының иесі Дәурен Байболов өз ауданының орталық ауруханасына 200 келіден астам ет, 30 литр қымыз, 100 келіден астам көкөніс пен басқа да азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында партияның белсенді мүшесі, ауданның Құрметті азаматы, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов аудандық ауруханаларға ӨЖЖ аппаратын сатып алды. Жақын арада ол Ботақара кентінің ауруханасына жеткізіледі.

Осылайша «Біз Біргеміз!» республикалық акциясы белсенді түрде жалғасуда. Күн сайын акцияға партия мүшелері, Қарағанды облысының меценаттары, кәсіпкерлері мен еріктілері де көптеп ат салысуда. Акция аймақта карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады.

 width=

Дәрігерлер де назардан тыс қалған жоқ. Оларға қарағандылық жасотандықтар «Дәргерлерге мың алғыс» акциясы аясында «Алғыс пакеттерін» табыс етті.

Акция Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы базасында өткізілді, онда күн сайын екі ауысымда 120-дан астам медицина қызметкері еңбек етеді.

«Алғыс пакеттері» медицина қызметкерлерінің тілектерін ескере отырып жасалған. Күні бойы олар арнайы киім, маскалар мен қолғаптармен жүруге мәжбүр. Әрбір алғыс пакетіне қол кремі, ылғалды майлықтар, бал, лимон, минералды су, табиғи сусындар және басқа да өнімдер кіреді.