Жаңалықтар

5 G-дің тиімділігі неде ?

Заман дамыған сайын бізде оның көшінен қалыс қалмауға дайынбыз. Қазіргі таңда ірі телефон компаниялары 5G интернетін қолда­ныс­­қа енгізе бастады. Бұл 2009 жылы пайда болған 4G-ға қарағанда әлдеқайда жылдамырақ. 5 G-дің артықшылығы: Қолданушы толық метражды фильмді ап-анық күйінде бірнеше секундта-ақ жүктей алады. Сондықтан 5G бізді са­палы видеоларымен, әртүрлі VR-форматтарымен қуантуы әбден мүмкін. 5G желісін іске қосу үшін оның антенналары биік әрі орнықты орналасуы керек. Сондықтан антенна биік тұрғызылғандықтан сигналды ұстау үшін телефон көп қуат көзін жұмсамайды. Ал 5G чипсеті болса, өте кішкентай және аз мөлшердегі энергия жұмсайды . Сондықтан смартфоныңыздың батареясы туралы уайымдаудың қажеті жоқ. 5 G-дің кемшілігі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ұялы телефон байланысы антенналар арқылы таратылатын радио толқындарының көмегімен жүзеге асады. Радиотолқындар — бұл электромагниттік өрістер, рентген немесе гамма сәулелену сияқты иондаушы сәулеленуден айырмашылығы, адам ағзасында химиялық байланыстарды бұзып, иондануды тудырмайды, демек, адамның ДНҚ-сына әсер ету мүмкін емес. Сондықтан олар адам денсаулығына үлкен қауіп төндірмейді. Бүгінгі таңда 5G АҚШ және бірнеше басқа елдерде бұл байланыс 2018 жылдан бастап қолданыла бастады. Samsung, Motorola, Huawei және LG сияқты бірнеше ірі компаниялар қазірдің өзінде 5G телефондарын шығаруда.  Ал Apple мұндай телефондарды тек күзде шығаруды жоспарлап отыр. 2023 жылдан бастап 5G желісі Қазақстанның барлық облыс орталығында іске қосылады. "5G технологиясын енгізу үшін тартылатын инвестиция көлемі үлкен болғандықтан, бірінші кезеңде бұл технологияны Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында енгізу жоспарланып отыр"