Мал дәрігерлері ПТР тесттер жасауға көшпекші
Мал дәрігерлері ПТР тесттер жасауға көшпекші
Бүгін үкімет отырысында баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аймақтарда коронавирусқа анықтайтын ПТР тестерді жасауға мал дәрігерлерін тартуды ұсынды. Министрдің айтуынша, коронавирусқа анықтайтын тестерді мал дәрігерлік зертханаларда жасауға болады.
«Бүгінде тәулігіне 32 мың адамнан коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест алынады. Мұны тәулігіне тағы 8 мыңға өсіру керек. Ол үшін мал дәрігерлік зертханаларды пайдалануға болады, олар тәулігіне 5,2 мың тест зерттеуін жасай алады. 1 тамыздан бастап бұған 67 мал дәрігер қызметкерін тартуға болады. Осылайша ауыл шаруашылығы министрлігі зертханаларының арқасында аймақтардағы ПТР тест тапшылығы шешілер еді», – деді А.Цой.
А.Цой ПТР тест жасау артатындықтан, жыл аяғына дейін республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлуді сұрады. Министрдің есептеуінше, 42 ПТР тест жасаға қосымша 42 миллиард теңге керек. Ал ПТР тест жасайтын 67 мал дәрігер маманға 170 миллион теңге керек екен.
Ақпарат: http://malim.kz/ порталынан