Жаңалықтар

«СК-Фармацияның» жаңа басшысы Ерхат Есқалиев халықтан кешірім сұрады

«СК-Фармацияның» жаңа басшысы Ерхат Есқалиев халықтан кешірім сұрады

 width= Бір апта бұрын "СК Фармация" басшысы қызметіне келген Ерхат Есқалиев жұртшылықтан кешірім сұрады. Тағайындалғалы бері ел алдына шықпаған бірыңғай дистрибьютор басшысы қалыптасқан проблеманы жоюға кірістім дейді. Ең алдымен дәрі тапшылығына сеп болған факторларды анықтап, алдағы жоспарын айқындапты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. ЕРХАТ ЕСҚАЛИЕВ, "СК ФАРМАЦИЯ" БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:    
"Мен халықтан кешірім сұрағым келеді. Бұрынғы басшылар үшін де кешірім сұраймын. Бұл жердегі жүйе жылдам әрекет етуге мүмкіндік бермей тұр. Түрлі қаулы, шешімдерге байланған құжат айналымы бар. Айтып жеткізу қиын. Қазір біз логистика жағын өзгертуге кірістік."
Жаңа басшы "СК Фармация" мекемесі тек ауруханаларға жеткізілетін дәріге жауапты екенін атап өтті. Ол жердегі дәрі-дәрмекті пайдалану қарқыны күрт өсіп, дәріханаларға да жүк түскен дейді. Қазіргі уақытта мәселе толығымен шешілді деп ант су ішті. Бұған дейін емханаларда бір айлық қор жиналып отырса, енді екі айлық көрсеткішке ұмтыламыз деп сендірді. ЕРХАТ ЕСҚАЛИЕВ, "СК ФАРМАЦИЯ" БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:    
"Біз барлық қоймаларды толтырып қойдық. Ол жерлерде бір айлық қор жиналады. Сонымен қатар реанимациялық бөлімшелер мен ауруханаларды қамтыдық. Аймақтардағы ауруханалардық қажеттілігі 100 пайыз қанағаттандырылды."