Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллион болуы мүмкін
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллион болуы мүмкін

«Ауруға шалдыққандардың саны 70 мың емес, 1,5 млн болуы ықтимал. Тіпті 3 миллионға жетуі ғажап емес»,- дейді кәсіпкер Айдын Рахымбаев.КӘСІПКЕР АЙДЫН РАХЫМБАЕВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАСЫНАН:
«Біздің мақтан тұтатын қонақжайлылығымыз осындай ауыр жағдайға әкеп соқты. Мен айтып отырған 1,5 миллион науқас бұл жай ғана болжам. Шын мәнінде бұл сандар одан да жоғары болуы мүмкін. Өйткені ешкімнің індетпен ауырмаған танысы қалмады.»Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерегін сынға алғандардың бірі экономист Олжас Құдайбергенов:
«Елде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы санында жаңылыс бар.»ЭКОНОМИСТ ОЛЖАС ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНАН:
«Бұл жерде ПТР-тестілеуден өткен, ауруханаға өздері барған адамдарды айтып отырмыз. Әрине, үйінде емделген адамдар бар, бірақ оларға қатысты қандай сан шығатыны әзірге белгісіз. Ауруханаға індеттің белгілері бар науқастар хабарласқанын, ал 85%-і симптомсыз ауырғанын ескерсек, 2 миллионға жуық қазақстандық жазылған немесе ауырып жатыр.»Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі "Вирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың көрсеткішін біріктіру дұрыс шешім болды" деп есептейді. Айтпақшы, бұрынғы кеңесші деп отырғанымыз Олжас Құдайбергенов кеше қызметінен босатылды. Егер экономистің болжамы расталса, Қазақстан ковид бойынша әлемдік қаралы тізімнің ондығынан бір-ақ шығады. Өйткені ковидты қоспағанда, жыл басынан бастап 15 шілдеге дейін елде 234 мыңнан астам адамның пневмонияға шалдығып, 3327-сі көз жұмған. Ашық дерек көздерінде 1 миллион 737 мың 546 тұрғынның ПТР тестінен өткені жазылған. Бұл ел тұрғындарының бар-жоғы 9,25%-ына тең. Егер осы санға қызмет бабы бойынша бірнеше рет тестілеуден өтетін дәрігерлер, полицейлер мен еріктілерді ескерсек, шын мәнінде тест тапсырған қазақстандықтар саны тым аз екенін аңғаруға болады. https://www.youtube.com/watch?v=-MHme9FTxTY