Кейбір қыздардан да керемет боянатын қазақ жігіт өзін «гей» дейтіндерге жауап берді

21 Қараша, 2018 1144 0

8 жастағы Әділ Хэйнс өзін «гей» дейтіндерге жауап берді. Бьюти-блогер бұл туралы 7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында айтты. Бұл туралы newsroom+ порталы sn.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Әділ косметиканы ең алғаш 15 жасында пайдаланған. Содан бері бет әрлеудің түрлі техникаларын қолданып келеді. Бірақ оның бұл образын ұната қоймаған студия қонақтары блогерге жігіттік қасиет жетіспейтінін айтты. Әділ болса, бұл әрекеті үшін өзін сөкпейтінін, керісінше бақытты сезінетінін айтты.

«Мен анамның ұлымын, біреудің немересімін. Жақсы жалақы аламын. Мені өмірде танымайсыздар. Сол үшін артық әңгіме айтпаңыздар. Бұл образ», − деген блогер басындағы паригін отырған жерінде шешіп тастады.

Блогер студия қонақтарына парик шешкенімен ешнәрсе өзгермегенін, жан дүниесі сол күйі қалғанын мысал етті.

Айта кетейік, Әділдің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын 11 мыңнан астам адам оқиды. Олардың басым бөлігі − бойжеткендер.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.