Жаңалықтар

Ең жас министр Бағдат Мусин жайлы не білеміз ?

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин цифрлық даму бірінші вице-министрі Бағдат Мусинді таныстырды. Бағдат Мусин 1983 жылы 3-ші наурызда Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004-2007 ж.ж  инженер-бағдарламашы болып бастады. Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ҚР Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ, ҚР бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды. Еңбек жолындағы жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.