Жаңалықтар

Бойы 206 сантиметр моңғол қызы әлемдегі «ең ұзын аяқ» иесі атанды

Бойы 206 сантиметр моңғол қызы әлемдегі «ең ұзын аяқ» иесі атанды

 width= Моңғол елінен шыққан ару әлемдегі ең ұзын аяқ иесі атанған. 29 жасар Рентсенхорлоо Рен Бад есімді ару бүгінде АҚШ-тың Чикагосында тұрады. Оның бойы 206 сантиметр, 134 сантиметрі мен 11 миллиметрі аяқтарының ұзындығын құрайды екен. Айтуынша, ең қиыны киім сатып алу. Өйткені 46-ншы өлшемді аяқкиімді табу қиын. Сондай-ақ бөлме арасындағы бағаналардан өтуі де оңай емес көрінеді.  width= Бойының ұзындығымен ерекшеленетін Рентсенхорлоо жуырда сұңғақ бойлы аруларға арналған киімдер тігетін брендпен бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеген.