Дәрігер: Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы
Дәрігер: Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы
Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді. Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы.
Дәрігері: "Екі-үш күнде шығарып қаламыз", - деді. Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты.
Біз өз тарапымыздан: "Ол қанша болуы керек еді?", - деп сұрадық. Білгеніміз, Мұхаңдікі сол қалыпты деңгей шамасында екен. Дәрігер де қазақ қой, ол да: "Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелері біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын. Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз", - деді.
Мен дәрігер қарындасыма: "Мұхаңды жақындау жерден суреттке тартып беріңізші", - деп өтініш жасадым. Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады.
Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рахмет, тілеулес ағайын!
Құдияр Біләл фейсбук парақшасынан алынды