Жаңалықтар

Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды

Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды

 width= Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды.Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Асқар Жұмағалиев туралы не білеміз?
Асқар Жұмағалиев 2019 жылдың 25 ақпанында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған болтатын.
Асқар Қуанышұлы 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.
1996-1998 жж. – «Жарық» ЖШС бас директоры. 1998-1999 жж. –  Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінде сектор меңгерушісі. 1999-2000 жж. –  ҚР көлік және коммуникация министрлігінің көліктік қадағалау комитеті бөлімінің бас маманы, басшысы. 2000 жылдан бастап  «Телекомуникациялық трафик биллингінің республикалық орталығы» ММК басқармасы басшысы қызметін атқарған. 2001-2003 жж. – ҚР байланыс саласындағы мемлекеттік басқару басшысы, байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары. 2003-2005 жж. – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары. 2004-2005 жж – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы міндетін атқарушы. 2005-2006 жж. – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдан бастап –  ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы. 2006-2010 жж. – «Қазақтелеком» АҚ президенті. 2010-2012 жж. – ҚР байланыс және ақпарат министрі. 2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі. 2014 жылдан бастап — ҚР байланыс және ақпарат агенттігі төрағасы. 2014-2015 жж. – ҚР инвестиция және даму министрінің орынбасары. 2015-2017 жж. –  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы. 2017 жылдың тамызынан – ҚР премьер-министр орынбасары. 2018 жылдың 26 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі. 2019 жылдың 25 ақпанынан – 2019 жылдың 18 маусымына дейін  – Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі. 2019 жылдың 18 маусымынан – Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі.