Жаңалықтар

Түркістандық депутат 2 тыныс алу аппаратын сыйлады

Түркістандық депутат 2 тыныс алу аппаратын сыйлады

 width= Түркістан облысында пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында "Өмір"  және "Шипа"  жобалары қолға алынғаны белгілі.  Оған "Nur Otan"  партиясының өкілдері, облыстық маслихат депутаттары үлес қосуда деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігінің тілшісі "Nur Otan"  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.. Ал жуырда Түркістан облыстық маслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов өз қаражатына 2 жасанды тыныс алу аппаратын сатып алып, Түркістан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ұсынды.  Бүгінде жалпы 1 100 000 теңгеге алынған құрылғылар науқастарды емдеуге қолданылып жатыр. Халық қалаулысы тағы бір тыныс алу құрылғысы мен 20 дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсетіп отыр.