Жаңалықтар

«Нұршаһар» фильмін аяқтағанда 2 бөлмелі пәтер алатын еді...

«Нұршаһар» фильмін аяқтағанда 2 бөлмелі пәтер алатын еді...

 width=Олигарх Айдын Рахимбаевтың "Ұят туралы" мақаласын шамамыз келгенше жатып алып сынап жатырмыз. Ұлттық санасы жоқ "асфальтный қазақ" дейміз. Мұндайда "аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін" дейді. Ал енді "асфальтный қазақ" дегенге келсек, бір мысал айтайын. Осы Ковидтен тарлан талантты режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды. 2004 жылы жұмыссыз қалған Қалдыбайды ҚР Президент Телерадиокешеніне қызметке алдым. Идеямды айтым бір телефильм түсір дедім. Бастады. Ортасына тақағанда он күн Алматыға барып күш-қуат жинап қайтайын деп сұранды. Содан оралмады. Ай өткенде іздеп бардым. Көңілсіз отыр екен. "Ондай фильм түсіруге жүрегім жатпайды", - деді. Түсіндім. "Достары" айнытып тастаған. Фильмнің атауы "Нұршаһар" болатын. Фильм сәтті басталды. Аяқтасаңыз Астанадан екі бөлмелі пәтер алып беруге ықпал жасаймын дегем. Расында да жыл бұрын жұмыссыз жүрген әйгілі документалисіміз Бахыт Қайырбековты осындай жобаға шақырғам. Бір жылда Елорда туралы триптих дайындады. Шетел телеарналарында көрсеттік. Сол жағалаудағы мықты үйден  үш бөлмелі тегін пәтерді иеленді. Айтпағым, Бахытты мен шақырдым, қолдайық деген менің ұсынысымды сол Бахытпен Алматыда бірге өскен "асфальтный қазақтар"  қолдап кетті. Жабылып жүріп тұрғын үй мәселесін шештік.  Бахыт сол ҚР Президент Телерадиокешеніне Бас директор болды. Сосын "Қазақфильмді" ұзақ уақыт басқарғанын білесіздер. Міне сол жол Қалдыбай Әбеновке бұйырмады. Оның бірге жүрген достары "Нұршаһар"  фильмін түсірсең "ұятқа қаласын" деп айнытты. "Ұятсыздар" марқұм Қалдыбайды соған көндірді. Бірақ өздері тарапынан қу сөзден басқа көмек жасамады... Сонда Қалдыбайға, болмаса "Желтоқсан" фильміңді қайтадан мотаждап шық, қолғабыс жасайын дегем. Ол үшін тығып қойған пленкаларын Мәскеуге апарып тазарту керектігін айтқан. Қажетті 25-30 мың долларды тауып берем деп уәде бердім. Өкінішке қарай, қанша хабарлассам да Қалдыбай нақты жауабын бере алмады. Кейін білгенімдей сол түсірілген пленкаларын сақтап қоюға бір достарына аманат еткен. Олар пәлесі тиер деп таспалардың  көзін құртқанға ұқсайды... Бір білетініміз "Желтоқсан" фильмін аяқтауға билік рұқсат етпеді, қысым жасады. Соны жалаулатып айтатындар марқұм Қалдыбай Әбеновке не жақсылық жасады екен? Тек "қазақшылық" вариантта сөзбен алдап, рухани күйрегенін тамашалады... "Нұршаһар"  фильмі  түсірілді. Оны көпті көрген классик ағамыз аяқтады. Астананың құрметті азаматы атанды. Әрине материалдық жағдайын толық жасап алды.

Махат САДЫҚТЫҢ facebook парақшасынан алынды