Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегі туралы видео жариялады

20 Қараша, 2018 1166 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 KO) әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы видеожазба жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Даниярдың 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) никарагуалық Карлос Мохикаға (16-2-2, 12 KO) қарсы рингке шығатынын мәлімдеген болатын.

Қазақстандық боксшы алдағы кездесу туралы видеоны Инстаграмдағы парақшасында жариялаған. Еске сала кетейік, алдағы бокс кешінде Даниярдан тыс, тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (1-0, 0КО) те өнер көрсетеді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.