Жаңалықтар

Сайрам ауданында түйе шаруашылығы қарқынды дамуда

Сайрам ауданында түйе шаруашылығы қарқынды дамуда

 width= Түркістан облысы Сайрам ауданында "Бозінген" шаруа қожалығы түйе шаруашылығын қолға алып, сүтті бағытты дамытып отыр деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігінің тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Иесі Әбілқасым Мұстафаев түйелерді Түрікменстаннан 2003 жылы әкелген. Отбасылық кәсіппен 5 шақты адам айналысады. Бүгінде 40-тан астам мал басы бар. Күніне 160-170 литр сүт сауады. Әр литрін 1000 теңгеден саудалап отыр. Жылына 50 тоннадан аса түйе сүтін өндіреді. Жем-шөп мәселесі шешілген. Жайылым жері де бар. Алдағы уақытта мал басын көбейте түсіп, өнімді түрлендіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Сайрам ауданында астық ору науқаны басталды. Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Нұр Көл» ЖШС-ң 4650 гектар жері бар. Оның ішінде егіс алқабы: күздік бидай - 2000 га, арпа - 1000 га, мақсары - 1000 га. Серіктестікте 30-дан астам техника бар, 50 шақты адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда астық ору науқаны жүруде. Аудан негізінен аграрлы өңір. Егін мен мал шаруашылығы дамыған. Үздік технологияны да шаруалар меңгерген. Мәселен, сайрамдық шаруа Батыр Имамов өз үйінің іргесіндегі 10 соттық жеріне қызанақ, картоп, баялдыр, больгар дақылын екен. Жылына екі өнім алады. Үй іргелік жеріне тамшылатып суару жүйесін енгізген. Үнемді, пайдалы, жер қатпайды, су мен дәрумен - дақылдың түбіне барады. Жүйені орнатуға небәрі 70 мың теңге жұмсаған. Өнімін жергілікті базарда саудалап, жемісін көруде.