Үндістанда «Гаджа» циклонынан 46 адам мерт болды

19 Қараша, 2018 768 0

Үндістанның оңтүстігінде «Гаджа» алапат циклоны салдарынан қаза тапқандар саны 46 адамға жетті, деп хабарлайды newsroom+ порталы  Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Қатты жел мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан Тамилнад ауданының жағалауы қирады. Апат болған аумақтан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Циклоннан штаттағы көптеген аудандарда жарық сөндірілді.

1999 жылы Үндістанның Орисса штатында осындай циклон 15 мыңнан астам адамның өмірін қиған еді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.