Жаңалықтар

Елордаға салмағы 22 тоннадан асатын дәрі-дәрмек жеткізілді

Елордаға салмағы 22 тоннадан асатын дәрі-дәрмек жеткізілді

Шілденің 18-нен 19-на қараған түні елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі- дәрмек партиясы жеткізілді. Жүктің жалпы салмағы 22 тоннадан асады. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. Жеткізілген партияда ингавирин, парацетамол, эргоферон, сумамед, цефтриаксон, левофлаксацин, кардиомагнил және т. б. дәрілер бар. Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алады. Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін қаражат бөліп, тасымалдауға көмектеседі. Дистрибьюторлар жүкті тексеріп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, дәріханалардың ірі желілеріне 1-2 күн ішінде түсетінін атап өтті. Тек осы аптаның өзінде қалаға 75 тоннадан астам дәрі әкелінді. Бүгін-ертең тағы бір дәрі-дәрмек партиясы күтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.