Филиппин президенті: Пара сұрағандарды атыңдар
Филиппин президенті: Пара сұрағандарды атыңдар

«Сіз салығыңызды төлеп, жұмысыңызды жасап жүрсіз. Ал ол ақымақтар пара сұрайды. Бір соғыңыз. Қаруыңыз болса атуыңызға болады. Бірақ өлтірмеңіз. Себебі сізді ақтап шығу мүмкін болмайды», – деген Филиппин президенті халқына.Дутертенің айтуынша, пара сұраған шенеунікті атқан адам түрмеге қамалмайды. Өйткені жемқорлық елдегі басты проблемаға айналған. «Жемқорлық жегі құрт. Ол құрт үкімет мүшелерінің барлығының ішінде бар» деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ, президент филиппиндіктерді өз құқықтарын қорғауға және шенеуніктердің қатысуымен болған заңсыздықтарды хабарлауға шақырды. Егер бұл Дутертенің құлағына жетсе жемқорлық фактісін хабарлаған азамат әлгі парақор шенеуінкті соға алады екен. 2016 жылы сайланған Филиппин президенті Родриго Дутерте заң бұзушылықпен күресте қатаң шараларды қолданады. Әлемдік қауымдастық Филиппиндегі есірткі саудасына қарсы күрестің тәсілін сынға алған еді. БҰҰ-ның сарапшылары да осы салаға өз ойларын айтып, сотсыз күдікке ілінген азаматтарды жазалауды тоқтатуға шақырған.