Сарапшы: Ресей алапат соғысқа дайындалуда
Сарапшы: Ресей алапат соғысқа дайындалуда
Ресей ауқымды соғысқа дайындалып жатыр. Бұл туралы Варшава стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы, журналист Анджей Талага мәлімдеді.
«Ресейдің ДАИШ содырларына соққы жасауы, Грузияға басып кіруі мен Қырымды тартып алуы тек қана ірі соғыс алдындағы дайындық» дейді ол.
Анджей Талаганың ойынша Ресей НАТО күштерімен соғысуға міне бірнеше жыл қатарынан қарқынды дайындалып жатыр.
«Мәскеу бұл соғыста ядролық қару қолданбаса, оның мүмкіндігі нөлге тең екенін есепке алуымыз тиіс. Ресей мен Белоруссия НАТО шекарасы маңында жаяу әскерді қолдану арқылы үздіксіз жаттығулар жасауда. Сөзсіз бұл соғыс алдындағы дайындық.
НАТО күштері жаяу әскерге қарағанда әуе күштеріне сенеді, ал Ресейде ондай мүмкіндік аз, сондықтан жаяу әскерді барынша жаттықтырып жатыр. Олар тез арада шабуылға шығып, Польшаның біраз бөлігін басып алуы мүмкін. Бірақ АҚШ күштері мұхиттан өткен сәтте, бұл соғыс НАТО пайдасына шешілу ықтималдығы жоғары.
Ресей ондай жағдайда тек ядролық қару қолданып, бейбіт келісім ұсынатын болады» дейді сарапшы. Сарапшының айтуы бойынша «мұндай әскери қақтығыстар жақын арада басталып кетуі мүмкін, өйткені әлемде тым көп мәселе қордаланып қалды».
Асхат Қасенғали
ЕСКЕРТУ: Автордың мақаласы мен редакцияның ұстанымы бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін.