Жаңалықтар

Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумармен сұқбат

 width=

Сұхбат барысында Үндістанның еліміздегі елшісі Прабхат Кумар екі мемлекет арасындағы үзілмес байланыс пен мәдениет ұқсастығын, тіл жақындығын тілге тиек етті. Прабхат Кумардың айтуынша Қазақстанның табиғи көрінісі өмір сүруге таптырмас мекен. Елші Ұлы жазушымыз Абай Құнанбаевтың шығармашылығын ерекше ықыласпен атап өтті. Абайдың қара сөздерін өз ана тілінде аударатын ниеті де бар екен.

1. Үндістан елшілігінің Қазақстанда атқарып жатқан жұмыстары қандай?

- Қазақстандағы Үндістан елшілігі атқарған жұмыс көлемін бір - екі сөзбен жеткізу өте қиын. Екі мемлекет арасындағы бұрыннан келе жатқан достық қатынастарды сақтауға әкелетін игі жұмыстар жасалып жатыр. Бұл саяси, экономикалық, мәдени және т.б. форумдар. Маңызды іс – сапарлар, ынтымақтастық, аймақтық және ұлтаралық жиындар. Маңызды форумдарға қатысу нәтижесінде екі мемлекет басшылары өте жақсы әріптестік орнатты. 2. Қазақстан мен Үндістанның экономикалық, əлеуметтік айырмашылығы туралы не айтасыз? - Үндістан мен Қазақстанда әлеуметтік жағынан ортақ үндестік бар. Ежелгі және ортағасырлық кезеңдерде Үндістан мен Орталық Азия арасын жалғаған өзара қарым - қатынастың әсері болар, біздің мәдениет пен дәстүрлерімізде де көп ұқсастықтар бар екені рас. Мәселен біздің Үндістанда Қазақстандағыдай үлкенге құрмет көрсету дәстүрі бар. Ол үрдіс әлі күнге дейін өз күшін жоғалтқан жоқ. Басқа да қазақ еліндегі дәстүрлі аспектілер Үндістанда да сақталған. Үндістанның экономикасына тоқталатын болсақ, үлкен мемлекет екені барлығыңызға мәлім. Экономикасы қарқынды түрде ілгері дамып келеді. Қазақстан экономикасы да алға жылжуда, соңғы 30 жылда ауыз толтырып айтар жетістікке жетті. Екі елдің экономикасы бір-бірін жан - жақты толықтырып тұр. Үндістан көптеген энергия көздері мен минералды ресурстарды қажет етеді. Сондықтан біз сыртқы мемлекеттерден, оның ішінде ресуртарға бай Қазақстан мемлекетінен алыс берісті тоқтатқан емеспіз. Энергия көздерін қанағаттандыру мақсатында, мұнай мен табиғи уранды Қазақстаннан тасымалдаймыз. Үндістан фармацевтика саласында үлкен жетістікке ие, Қазақстанға дәрі- дәрмек тасымалын тоқтатқан емеспіз. Сондай – ақ Үндістанда үлкенді – кішілі кәсіпорындар дамыған, үнді компаниялары да Қазақстаннан мол мүмкіндіктер іздейді. 3. Қазақстан сізді несімен баурап алды? - Қазақстанда екі жарым жылдан бері тұрамын, маған өте ұнайды.Отбасымызбен Қазақстанның көз тартарлық табиғатына таңғалудан жалыққан емеспіз. Тау, көл, әдемі қалалар, каспий теңізі, табиғи және экзотикалық көріністер Қазақстанды - өмір сүрудің тамаша орнына айналдырған. Біз Қазақстанның озық мемлекеттер қатарына қосылып, халықтың тынбай жасаған еңбектерінің арқасында соңғы отыз жылда жеткен жетістіктеріне аса үлкен құрметпен қараймыз. 4.Хинди тілі мен қазақ тілінде ұқсас сөздер өте көп. Қандай ұқсас сөздерді білесіз? Біздің ежелгі ғасырлық байланысымыздан болар, 200 ге жуық ұқсас сөз бар. Осында келгеннен бастап сол сөздермен таныстым. Менің жақсы көретін сөздерімнің бірі "Достық" хинди тілінде "Дости", "Махаббат" хинди тілінде "Мохаббат" достық пен махаббат сөздері екі елдің жылы қарым - қатынасын айқындап тұрғандай. Жиі кездесіп сөздік қорымызда көп қолданатын басқа да ұқсас сөздер бар, Китап, Анар, Джира, Пияз, Джануар, т.б. 5. Жастар үшін елшілік арқылы Үндістанда білім алуға бағдарлама қарастырылған ба? - Жастарды Үндістанға әр түрлі салаларда білім алуға жіберу үшін дайындалған степендиялық бағдарламалар бар. Колледж студенттеріне біз Үнді колледждері мен университеттерінде білім алуға оқу гранттарын ұсынамыз. Сонымен қатар үнді өнерінің түрлері - музыка мен биді үйренуге стипендия бере аламыз. Елшілікке қарасты Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы үнді вокалы мен биі, йога және хинди тілендегі сабақтарды өткізеді. Қазіргі пандемия жағдайына қарай оқу онлаин түрде өтіп жатыр. Степендия және бағдарламалар туралы толық ақпараттарды үнді елшілігінің фейсбук парақшасынан біле аласыздар. Сондай –ақ бізде экономикалық және техникалық салалар аясында ITEC бағдарламасы қарастырылған, осы жүйемен оқу оқыған азаматтар қазір Үндістанның белді институттарында қызмет атқарады. Курстың ұзақтығы екі аптадан екі жылға дейін болуы мүмкін және курстарға ғылым саласынан бастап ағылшын тілінің мұғалімі журналистика және т.б. кіреді. 6.Қазақ елінің қандай танымал классиктерімен жазушы ақындарын білесіз? - Мен бірнеше кітап оқыдым, солардың ішінен төртеуі қатты әсер етті. Қожа Ахмед Яссауидың "Дивани хикметі", Мирзы Мұхамбет Хайдар Дулатидың "Тарихи Рашидиі", Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы", Абай Құнанбаевтың қара сөздері жүрегімнен орын алды. Абай өмірі мен оның шығармашылығы қазақтың ұлттық болмысын көрсетуімен қатар, заманауи қоғамның дұрыс бағытқа қалыптасуына аса үлкен ықпал етті. Абайдың жазған шығармашылығының маңызы мен мәнін түсіндік. Сондықтан жақын арада Абайдың қара сөздерін хинди тіліне аударуды көздеп отырмыз.

 Сұқбаттасқан: Жампейісова Қымбат Ермекбайқызы