Маска режимін бұзғаны үшін 64 тұрғынға айыппұл салынды
Маска режимін бұзғаны үшін 64 тұрғынға айыппұл салынды

«Ағымдағы кезең бойынша аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері маска режимін бұзғаны үшін 64 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, сонымен бірге, гигиеналық нормативтер заңнамасының талаптарын бұзу» туралы ҚР ӘҚтК 425-бабының 1-тармағына сәйкес хаттамалар толытырылды», - деді Дастан Қайратұлы.Жергілікті полиция қызметінің және мемлекеттік-құқықтық бөлім қызметкерлері азаматтарға карантин шараларын сақтау, әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтау, сонымен бірге рұқсат етілген сауда нысандарының жұмыс режимі туралы ақпараттық хабарлау жұмыстарын жүргізуде. Ақпараттық хабарлау магистральді көшелер бойынша, аулалар және ойын-сауық нысандарынсыз қала тұрғындары көп жиналатын орындарда жүргізіледі, нақтылай айтқанда: Сквер (4 ықшам ауданында Сары-Арқа кинотеатрының сыртында, және Алтынсарин даңғылы бойымен Қабдолов көшесінен Жандосов көшесіне дейін); 8 ықшам ауданындағы жаяу жүру аймағы (Шаляпин көшесінен Абай даңғылына дейін); Family Park паркі; Сайран көлінің Батыс бөлігі (суға түсуге тыйым салынған). Жоғарыда аталған жұмыстардан бөлек ауданда жүретін бөліктерге, тротурарларға, адамдар көп баратын орындар аумақтарына, орындықтарға және скверлерге, саябақтарға, жасыл аймақтарға, қоқыс салатын контейнерлі алаңдарға, 4 жерасты және 5 жерүсті өтетін жолдарға дезинфекция жүргізіледі. Дезинфекция жасалатын жалпы аумақ 25,5 мың шаршы метрді құрайды.