Белгілі қоғам қайраткері Мырзакелді Кемел қайтыс болды
Белгілі қоғам қайраткері Мырзакелді Кемел қайтыс болды
Жазушы, қоғам қайраткері, "Алаш" сыйлығының лауреаты, "Ақыл Қалта" кітабының авторы Мырзакелді Кемел қайтыс болды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мырзакелді Кемел 1949 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы, Қызылқұм ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының академигі, белгілі қаламгер. Президент және халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.
Мырзакелді Кемелдің kemel.kz деп аталатын жеке сайты да бар.Оқырмандар сайтта автордың қазақ, орыс тілдерінде жазылған еңбектерімен таныса алады. Сондай-ақ шетелдегі қандастарымыз үшін сайттағы материалдар латын, төте жазу қаріптерімен де берілген.
Жатқан жері жайлы болсын! Тума-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз!