Түркістандағы орта арнаулы медицина мамандарын даярлайтын оқу орны Жоғары медициналық колледж атағын иемденді

07 Қараша, 2018 868 0

Түркістандағы орта арнаулы медицина мамандарын даярлайтын оқу орны Жоғары медициналық колледж атағын иемденді. Оқу орны бұл мәртебеге білікті кадр даярлау ісіндегі табанды еңбегінің арқасында қол жеткізген. Рухани астананың облыс орталығы мәртебесін иемденуі – білім ұясын жаңа қырынан танытуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы newsroom+ порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түркістан жоғары медициналық колледжі аймақтағы орта арнаулы медицина мамандарын даярлайтын оқу орындарының 2018 жылғы көшбасшысы. Арнайы өткізілген мониторинг нәтижесі осындай қорытынды шығарған. 50 жылдан астам тарихы бар оқу орнында 2 мыңнан аса шәкірт 6 мамандық бойынша білім алуда. Жаңа статус оқу орнының жаңашылдыққа жетелеп отыр.

Ғалымжан Бимурзаев – Түркістан Жоғары медицина колледжінің директоры:

Стимульяция орталығы жұмыс істеп тұр. Онда студенттер стимуляторлық қызмет көрсетуді үйреніп жатыр. негізінен біздің оқу орны мынау заманауи талапқа сай мамандар даярлап отыр. Оны кеше келген министр де көріп, оң бағасын беріп кетті.

Оқу орны өткен жылдан бері «Финн» тәжірибесі негізінде бакалавр мамандар даярлауда. Жаңа технологияларды меңгеру арқылы елімізге білікті кадрлар жасақтауда. Ондағы мақсат – дамыған мемлекеттің медициналық мәртебесін асқақтатуға үлес қосу.

Ұлжалғас Зияйдинова – колледж әдіскері: 

Біздің оқу орны осы жылдың үздік оқу орны атағын алды. Енді қазір біз осы бағытта жұмыс істеп отырмыз. Негізгі мақсатымыз осы оқу орнынанн білікті кадрлардаярлап, мына елімізге мамандарды шығару.

Колледжде политипті көмек беру кабинеттері жұмыс істейді. Онда шәкірттер инсульт, инфарк дертіне шалдыққан науқастарға күтім жасау дағдыларына машықтанды. Сондай-ақ, реабилитация кабинеттерінде  жүріп-тұру мүмкіндігінен айрылған азаматтарға көмек көрсетуді үйренеді. Өйткені науқастың емі – жақсы күтім,-дейді мұғалімдер. Ал дертке шалдыққан азаматтарға көмек көрсету – орта арнаулы медицина мамандарының жұмысы. Сондықтан осы оқу орнында білім алған әрбір маман жан-жақты білімді болуы жіті бақылауда.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.