Созақ ауданында футбол алаңы ашылды

07 Қараша, 2018 580 0

Шынықсаң шымыр боласың. Созақ ауданында тағы бір футбол алаңы ашылды. «Қазатомпром» ұлттық атом өнеркәсібіне қарасты «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы Қарақұр ауылының тұрғындарына спорт алаңын тарту етті. Бұл «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасының жемісі болып отыр. Бұл туралы newsroom+ порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Спорт алаңының көлемі 1400 шаршы метрді құрайды. Футбол ойыны үшін арнайы жабын төселген. Алаң қоршалып, айналасына шамдар орналастырылған. Бос уақытта мұнда кез-келген тұрғын келіп, тегін жаттыға алады. Ал, ауданның спорттағы жетістіктеріде аз емес. Кезінде «Шалқар» командасы жасақталып, бүкіл одақты дүркіреткен. Республикалық «Былғары доп» жүлдесінің жеңімпазы атанған.

Ғылымбек Орынбек, «Ақбастау» БК» АҚ бас директоры:

Енді осы алаңда ойнайтын жастар, балалар белгілі жасқа келгенде Қазақстан футболдан әлем чемпионы болып, сол команданың бір футболисі кезінде ауданымызыдың 90 жылдығында ашылған спорт кешенінен бастаған едім футболды деп интервью беріп тұрсын.

Алғашқы күні-ақ командалар арасында футболдан жарыс жалауы желбіреді. «Ақбастау» кубогін сарапқа салып, жеңімпаздарды анықтады. Үздік шыққан ойыншылар мен командалар марапатталып, қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Игі бастаманың шарапатын көрген ауыл халқы дән риза.

Манас Рамат , Қарақұр ауылының тұрғыны:

Біз осы ауылда футболды сазда, қара жерде ойнайтын едік. Енді міне бізге «Ақбастау» кәсіпорны жақсы алаң салып беріп жатыр.  Жастардың атынан рақмет айтамыз және осы алаңды жақсылап ұстауға, жақсы спортсмен шығуға ант ентеміз, Алаң жасыл болғандықтан ұнап тұр, сыртыда қоршалған, до п сыртқа шығып кетпейді. Жарықтар қойылып, түнде де ойнауға мүмкіншілік бар.

Биылдың өзінде демеушілер есебінен дәл осындай спорт және балалар ойын алаңдары  Шолаққорған, Құмкент, Таукент, Шу, Жартытөбе ауылдарында халықтың игілігіне  берілген. Мұндай алаңдардың ашылуы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.