Атырау мен Шымкент қалаларында карантин режимі ұзартылады
NewsRoom
Атырау мен Шымкент қалаларында карантин режимі ұзартылады
Атырау облысының бас санитары Сәдуақас Байғабылов пен Шымкенттің бас санитары Әбдіманап Түлебаев карантин режимін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысында 19 шілде сағат 00-ден бастап, 3 тамызға дейін қатаң режимдегі карантин шаралары орнатылады. Ал Шымкент облысында 20 шілде 00-ден бастап 3 тамыз 00-ге дейін ұзартылды.
Карантин режиміне сәйкес Атырау облысында:
елдімекендер арасындағы автобустарға
Басқа қалаларға қатынайтын темір жол тасымалдарына
Автокөліктер 23:00-06:00 аралығында жүруге толықтай тыйым салынады.
Ал облыс, қала, аудан қызметін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардан бөлек, сенбі, жексенбі демалыс күндері автокөлік қозғалысы мүлдем тоқтатылады.
Қала тұрғындарының жүріс-тұрысына тыйым салынады. Жұмыс орнына баруға анықтамасы бар және жақын маңдағы дәріханалар мен азық-түлік дүкеніне барғандары есептелмейді.
Ойын-сауық орталықтары мен мәдени нысандар, банкет залдарына, СПА орталықтар, жаттығу залдары, сауна, салон, шаштараз қызметтерінің барлығына толықтай тыйым салынбақ.
Азық-түлік сатпайтын базарлар мен жабық азық-түлік дүкендері "үйге жеткізу" қызметіне көшеді.
65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі.
Санитарлық қызметтерді сақтай отыра, қонақ үйлер мен отель қызметтері жұмыстарын жалғастырады.
ХҚКО жұмысы 9:00 ден 15:00 ге дейін , "Қазпочта" АҚ жұмысы 9:00 ден 18:00 ге дейін жасайды.
Теңіз кен орындары бұрынғы сақталған карантин режимімен қалады.
Шымкент қаласында:
Шағын аудан территорияларында орналасқан тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлер үнемі тазалық жұмыстарын жүргізіп, күн сайын санитарлық дезинфекция жасалуы тапсырылды.
3 тамызға дейін созылған шектеу шаралары кезінде адам көп шоғырланатын барлық жерлердің жұмысы қайта тоқтатылады. Табысынан айырылған кіші және орта бизнес өкілдерінің барлығына 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы төленеді.