Оңтүстік Америка: Карантин режимін бұзғандарды өлтіруде
Оңтүстік Америка: Карантин режимін бұзғандарды өлтіруде
Колумбияда коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантиндік шектеуді бұзғандарды өлтіре бастады. Бұл туралы Stan.kz сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Америка елінің 32 штатының кем дегенде 11-інде халықтың инфекцияның таралуына қарсы күрес аясында енгізілген шектеулерді сақтауын жергілікті қарулы топтар бақылай бастады. Олар көбінесе өздері бақылайтын аумақтарда үкімет қабылдағаннан гөрі қатаң шектеу шараларын енгізеді.
Мәселен, кейбір аймақтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де әрекет ете бастайтын бандаларға коменданттық сағат орнатылды. Сондай-ақ, бірқатар аудандарда азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда жұмыс істейтіндерден басқа, барлық жергілікті тұрғындарға үйден кетуге тыйым салады.
Сонымен қатар, картель мүшелері елді мекендер арасындағы жолдарды жауып, азаматтардың қозғалысын шектейді, ал коронавирус деп күдіктенгендерді керісінше, өңірден кетуге мәжбүрлейді.
Жергілікті тұрғындарға белгіленген ережелер туралы WhatsApp мессенджері арқылы жіберіледі немесе хабарламалармен тарайды. Бұл ретте тәртіп бұзушыларға қатаң шара қолданады. Тіпті, соңғы айда топ мүшелері тәртіп сақтамаған тоғыз адамды өлтірген. Ал Колумбияның оңтүстік-батысында саябақта серуендеген үш адам өлтірілген. Сондай-ақ, Венесуэладан келген екі мигранттың өлімі туралы да белгілі болды.
Латын Америкасы бойынша Human Rights Watch коммерциялық емес ұйымының директоры Хосе Мигель Виванчо бір жағынан, қарулы топтардың осындай әрекеттері пандемия аясында елдегі өз билігін күшейту және заңдастыру ниеті деп ұғуға болатынын айтты. Екінші жағынан, банданың көптеген мүшелері өз аймақтарындағы коронавирустың өршуінен қорқады, өйткені көптеген елді мекендердегі ауруханалар ауыр науқасқа көмектесуге мүмкіндігі жоқ — атап айтқанда, барлық жерде өкпені жасанды желдету аппараттары (ӨЖЖ) жоқ екенін түсіндірді Виванчо.