Түркі әлемінің көшбасшы жастары Түркістанда бас қосты

07 Қараша, 2018 839 0

Рухани астананы әлемге жан-жақты танытуға жастар да үлесін қосуы тиіс. Осы мақсатта Түркі әлемінің көшбасшы жастары Түркістанда бас қосты. Игі бастамаға облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйытқы болды. Бұл туралы newsroom+ порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Семинарға түркі мемлекеттерінен келген 100-ге тарта жас қатысты. Бәрінің мақсаты сол – түбі бір түркі жұртының атамекеніне айналған Түркістанды түлетуге атсалысу.

Асылбек Ноғаев – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»КММ  директоры

Біздегі мақсат мынау озық ойлы жастардың басын біріктіріп, жастарға қолайлы жағдай жасау арқылы мынау Түркістан қаласын түркі мемлекеттеріне ғана емес, әлем елдеріне таныту.

Көшбасшы жастардың бас қосып, игі іске ұйытқы болуына –Елбасы жолдауы негіз болған. Айтуларынша, 2019 жылдың жастар жылы ретінде жариялануы, жастарға толыққанды жағдайдың жасалуы қуантып отыр

Алмас Әбдікәрім – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың бас маманы

Жастар кім? Олар әрине қоғамның қозғаушы күші. Мына қаланы танытып, оның жақсы қырларын қалыптастыру осы күштің қолында. Сондықтан игі жбасталараымыз міндетті түрде оң ықпалын беруі тиіс деп есептеймін.

Жиында негізінен түркі жұртының рухани мұрасы және әлемдік өркениет жайы сөз болды. Діни тұрақтылықты қалыптастырудағы жастардың рөлі айтылды. Ендігі меже жұдырықтай жұмылып, әлем көшбасшы жастарының ұйымын құру. 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.