Жаңалықтар

Шіліңгір шілдеде қарғалардың қаптауына не себеп?

Шіліңгір шілдеде қарғалардың қаптауына не себеп?

 width=Түркістан облысының Түлкібас ауданында шілденің шіліңгірінде қара қарғалар қаптаған. Бұл туралы Бексұлтан Жұмабекұлы өзінің фейсбук парақшасына жариялады.   Жуырда ғана Алматы облысындағы Райымбек ауданы Нарынқол ауылының аумағынан тұрғындар ақ түсті қарғаны көргендер таңқалысып, жақсылыққа жорыған болатын. Қазақ халқы қандай жағдай болса да, жақсылыққа жорып жататынымыз рас. Жалпы қарға құсы қазаққа таңсық құс емес. Қарғалар Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Күз мезгілі жеткенде барлық құстар жылы жаққа қоныс аудара бастағанда, қарғалар қарқылдап, көбейе түсетін. Құдды күннің суық болатынын ескертетін сияқты. Қарға құсының қауырсынына күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иіліп, қауырсынмен жабылған. Қара қарғалар қорек талғамайды екен. Олар кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейтін көрінеді.  width= Алайда дәл осы құс туралы асыл дінімізде айтылып өткен екен. Бұл дүниеде ешкім де, ешнәрсе де себепсіз немесе мақсатсыз жаратылмаған. Оның өзіндік ерекшелігі сол – Алла Тағала Адам Атаның ұлы Қабылға Қарғаны дәнекер етіп өнеге көрсеткен. Пенде баласы айналасына көз салса, адамға тән кейбір қасиеттерді Құдай Тағаланың құдіретін табиғаттан табары хақ. Бұл оқиғаның қысқаша мазмұндап кеткеніміз жөн. Адам Атаның Абыл мен Қабыл атты екі ұлы болған екен. Абылдың ақжүректілігі мен жайсаң жанына және де басқа да артықшылықтарына іштарлықпен қараған Қабыл одан қалай құтылудың жолын қарастыра бастады. Ақыры қызғанышы шегіне жетіп, Ібілістің кеңесіне жүгінген Қабыл Абылдың басын таспен езіп өлтіреді. Бұдан соң бауырының мәйітін қайда қоярын білмей әбден састы. Бұрын-соңды мұндай жағдайды басынан өткермеген ол мәйітті ұзақ уақыт жерлемей сақтап жүрді. Күндердің бір күні бір қарғаның жерді тұмсығыменен шұқып қазып, әлденені көміп жатқанына таңдана қарап тұрады да: «Әттеген-ай, осы бір қарға құрлы бола алмаған екенмін ғой»,- деп өкініштен өзегі өрттей жанды. Қарғадан көргенін жасаған ол жерді қазып, бауырының денесін жер қойнына тапсырады. Содан бері адамзат тарихындағы алғашқы өлім дәмін татқан кісі Абыл болып есептеледі. Ал адам баласының мәйітті жерлеуді үйренуіне дәнекер болған қарға құсы болыпты. Жалпы жаз айында қаптаған қара қарғаны қазақшылыққа салып, жақсылықтың нышаны деп қарағанымыз жөн болар. "Айдың он бесі қараңғы, он бес күні жарық болады" демекші, алдағы күн шуағы шығатын жарық күн күтіп тұр деп ойлағанымыз абзал.