Сарыағашта су жаңа спорт кешені ашылды

08 Қараша, 2018 564 0

Елбасымыз биылғы Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін барынша арттыру қажеттігін екшеген болатын. Бұл мақсатта Сарыағаш қаласы Самал мөлтекауданында заманауи талаптарға толыққанды жауап беретін «Мамыр ата» спорт кешені бой тіктеді. Енді жергілікті тұрғындары салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдана алады. Бұл туралы newsroom+ порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 «Мамыр ата» спорт кешені заманауи үлгіде салынған. 3 қабатты еңселі ғимаратта тұрғындар қазақ күресі, бокс, шахмат және гимнастикамен шұғылдана алады. Аяқдоп әуесқойлары үшін кіші футбол алаңшасы жұмыс істейді. Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев сөз алып, ел игілігі үшін пайдалануға берілген кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.