Түркістан: Кептеліс мәселесі қалай шешілмек?

13 Қараша, 2018 516 0

Түркістан қаласының облыс орталығы болып бекітілуі – құрылысқа серпін беріп отыр. Қазір рухани астанада жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Тиісті мекеме мамандарының ықпалымен көше кептелісін сейілту жұмыстары жанданған. Қоғамдық көліктер жаңартылып, жаңа бағыттағы автобустар артуда. Бұл туралы newsroom+ порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тоғыз жолдың торабына орналасқан Түркістан қаласы әу бастан логистикалық орталыққа айналған. Қазір қалаға келіп-кетушілердің қатары артып отыр. Осының есебінен қалада көлік кептелісі жайлауда. Мамандар олқылықтың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстарды қолға алған.

 

Байдулла Оразбеков,Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

«Қазір көлік қозғалысы артып отыр. Осыны сейілту мақсатында арнайыұсыныс беріп отырмыз, мына жолдарды кеңейту бойынша. Базарлар сыртқа көшіріледі деп отырмыз. Жаңа маршруттар алынады.

Жыл басынан бері Түркістанда 39 көшеге тас төселген. 12 көше орташа жөндеуден өткен. Қоғамдық көліктер де уақытымен жүріп жатыр.  Қазір 270 автобус 21 бағытта қызмет көрсетуде. Автобустарды жаңарту жұмыстары да қарқынды».

 

Байдулла Оразбеков, Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

4 УАЗ автокөлігі алып келді. Қосымша тағы 4 автобус алынған болатын. Қазір қаладығы 4, 4-а бағытындағы автобустар жаңартылған.

Түркістандағы қоғамдық көліктерде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде электронды билет жүйесі енгізілуде. 1-ші бағыттағы автобусқа пилоттық жоба ретінде қойылған құрылғы өз жемісін беріп отыр. Мамандар игі бастаманы қалалық бағыттағы барлық қоғамдық көліктерге қоюды жоспарлауда.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.